"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы білім бөлімі  Тобылжан ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Таволжанка  отдела образования по  Астраханскому  району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ халкының ерлік істері

11.05.2017

Тақырып:  Қазақ

халкының ерлік істері

 

Тәрбие

 сағатының

мақсаты: 

Білімділік: 1. Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін

еске түсіре отырып,

                         танымдарын арттыру; 

                      2. Тарихи ұлы

тұлғалардың ерліктерін насихаттау;

Тәрбиелілік:

Тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін

насихаттай отырып, отан сүйгіштікке

                         тәрбиелеу; 

                        

Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке,

                         

адал да батыл болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге

баулу. 

Ұлы жеңісті дәріптеу, оқушылардың өз

Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін қорғай білуге

тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабамыздың ерлік ісін

қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту.

 

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.

 1 Үйымдастыру.

 Оқушыларды

топтарға бөлінеді

2. Негізгі

бөлім:

 Ауызша журналдың

1-ші беті.

« Тарих –

ғасырлар куәсі»

Қандай да ел, азамат өз тарихын білу -  ұлтық сана сезімнің ажырамас бөлігі, ол

этикалық тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындарда жалғасын табуда

маңызды.

Қазақ

хандығы — қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында қанат

жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар

бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан – байтақ

өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың

этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз

алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі

шешуші роль атқарды. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде

14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден

туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің

экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы

негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі,

әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап

ыдырауына апарып соқтырды. Әсіресе

Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы

хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш

көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде

Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған

мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің

әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік

еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында

Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің

Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы

Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен  Ақ Орда

хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы

— Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып

алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер

іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып,

ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп

шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін

күшейтті .

Нәтижесінде халықтыңжартысы ШығысДештіҚыпшақтан Түркістан алқаптарына

және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне,

соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп,

қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың

батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп

келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан

Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес

мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету

жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар

мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті.

Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ

өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын

қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын

көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан

басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен

немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс.

Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының

құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.

Қазақ хандығының құрылуы.

Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең

жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды

орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын

орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері

қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. 70-жылдары Сауран, Созақ

түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ

хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай

шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480

жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының

шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен

арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан

(1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне

оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран)

сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне

талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты.  Дешті

Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед

Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп

Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара

тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды. Сонымен қазақ хандығының

құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның

басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі

өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы.

Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар,

кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің

Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік

Қазақстан атана бастады

Ауызша журналдың 2-ші беті.

Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!

 

- Кез келген

мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын

негізгі құжат - Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке

азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері,

құқықтары көрсетіледі. Осыдан он алты жыл бұрын, 30- тамызда Қазақстан халқы

тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам

басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң -

мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік

реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 16 жылдан

бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы,

құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң

қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді. Тоқтала кететін тағы бір жайт,

Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады

екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып

табылатын құжат енді ғана 16 жасқа толып отыр. Әрине, тарих ауқымымен айтқанда,

бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата

заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты

дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы

әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның

бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе

керек. Тарихқа кері шегінетін болсақ, тәуелсіздікке ие болған Қазақстанның ең

басты қадамы Конституцияны қабылдаумен тұтастай байланысты. Бұл туралы:

«Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы

уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа

деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның

Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін

баянды етуге тиіс болатын», - деп жазады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев

өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында. Осылайша, ел егемендігінен кейінгі 1993

жылы  қабылданған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы

егемендік тарихындағы ең демократияшыл құжат болып табылған еді. Алғаш

қабылданған 1993 жылғы Конституцияның мәні мен маңызына  келетін болсақ,

бұл Негізгі құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мәселеге

жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі - мемлекеттік

билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екіншіден - экономикалық реформаны

жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден - жас

мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден - ішкі саяси тұрақтылықты

қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету. Елбасы Н. Назарбаевтың

«Қазақстан жолы» кітабында жазуына қарағанда, жоғарыда қамтылған төрт мақсатты

шешіп беретін баптар әуелгі Конституцияның жобасында барынша қамтылмады.

Президент бұл ретте тұңғыш Конституция жобасы әуелден-ақ еліміздегі саяси,

әлеуметтік-экономикалық үдерістен алшақ қалғанын жазады. Сөйтіп, уақыт өте келе

заман ағымы мен сұранысына қарай, Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық

қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалды. Сондықтан да арада екі

жыл өткенде 1995 жылы қазіргі Негізгі заң - Конституция қабылданды. Осылайша,

тәуелсіздік жылдары Қазақстанның мемлекеттігін айқындаған Ата заң екі қайтара

түледі. Өйткені 90-шы жылдардың басында Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы

мүлдем басқаша болатын. Күні кешегі тарихи оқиғаларқа жүгінсек, жаңа

Конституцияны қабылдау қарсаңында ұзақ мерзімді қызу жұмыстар атқарылды.

Президенттің бастамасымен құрылған сарапшылар көптеген әлем елдерінің

Конституцияларын, әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында қабылданғандарын мұқият

сараптаудан өткізді. «Біз үшін дамудың әртүрлі сатыларында тұрған, сан алуан

әлеуметтік-мәдени, ұлттық және басқа да ерекшеліктері, әр түрлі құқықтық жүйесі

бар елдердің Конституциясы басты мәселені - тұрақтылықты нығайтудағы, халықтың

әл-ауқатын жақсартудағы және демократияны дамытудағы қол жеткен табыстарын

ұғыну маңызды болды. Ізденіс географиясы да ауқымды болатын - ол Еуропаны,

Азияны, Солтүстік және Латын Америкасын қамтыды. Мен өз басым тікелей әлемдегі

жиырма елдің конституциясын талдап, олардан конспекті жасап алдым. Нәтижесінде,

жаңа Конституцияның қажеттігі туралы шешім қабылдамас бұрын бізде бес жылдық

жинақталған тәжірибе болды. Біз содан негізгі басымдықтарды, мақсаттарды

ажыратып, оларға жетудің құралдарын үйрендік. Конституцияны қабылдау қарсаңында

ондаған жылдар бойы азаматтарымыздың ой-санасында қордаланып қалған

стереотиптерді жою үшін, мемлекет пен қоғамды түбегейлі реформалау барысында

пайда болатын көптеген объективті және субъективті проблемаларды шешу үшін

бірнеше жылға созылған табанды жұмыстар атқаруға тура келді. Иә, кейде біздің

шешімдеріміз жартыкеш, ымырашыл сипатта да болды. Кез келген жаңа істе болатыны

сияқты, қателіктер де жіберілетін. Осының бәрі сол кездерде анық өтпелі сипатта

болған мемлекеттік институттар мен заңнамалық қызметтерден көрініс тауып

отырды. Бірақ, сол бір қиын-қыстау жылдарды еске алғанда, елімізді күрделі

әлеуметтік катаклизмдерге соқтырмай, аман сақтап, әлемдік қауымдастықтың тең

құқықты мүшесі ретіндегі осы заманғы мемлекет  құру үшін не керектің бәрін

істегеніме, мемлекетті құруға қызмет жасағаныма сенімдімін», - деп жазады

Елбасы кітабында. Сөйтіп, Тұңғыш Президенттің өзі ынталылық жасап, сол кездері

Еуропа мен Азияның,  Солтүстік Латын Америкасының барлығы 20-дан астам

дамыған және дамушы елдерінің конституцияларын зерттеп, саралап шықты. Сосын

1994 жылы өз қолымен Әділет министрлігіне жаңа конституцияның жобасын тапсырған

болатын. Нақ осы үлгі-жоба бүгінгі Ата заңымыздың негізін қалаған еді. Ендеше 1995 жылы

қабылданған Конституцияның да басты авторы  - Тұңғыш Президент - Елбасы Н.

Назарбаев деп толық сеніммен айтуға да болады.

    Шындығында,

1995 жылғы Конституцияны талқылау кезеңінде еліміздегі беделді заңгерлерден

бөлек, Францияның Конституциялық кеңесінің өкілдері, осы елдің Мемлекеттік

Кеңесінің мүшелері, Ресей зерттеу орталығының ең беделді заңгерлері жобалық

жұмыстың жоғары талқылау шараларына атсалысты. Айта кетейік, тәуелсіздік

тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген

пікірі ескерілген  Негізгі заң да осы - 1995 жылы қабылданған Конституция.

Қазір келтіріліп жүрген ресми мәліметтерге қарасақ, құжатты талқылауға 3 млн.

345 мың адам қатысыпты. Жұртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 886 ұсыныс

түссе, соның 1 мың 100-і конституция жобасына енгізілген. Бұл жөнінде Елбасы

«Қазақстандық жол» атты кітабында: «1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда

болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан

жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең

прогресшіл шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да,

кімде-кім еліміздің Негізгі заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны

жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек», - деген болатын.

    Ал

бүгінгі Ата заңымыздың басты ерекшелігі қандай? Осы мәселеге тереңнен үңілетін

болсақ, Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл бұны Елбасы ұсынысымен

енгізілген төрт ұстанымда жатқандығын алға тартады. «Расын айтайын, бұндай

позицияларды енгізуге сол кезде бірқатар заңгерлер де қарсы болған еді.

Өйткені, әлем елдері конституцияларының кіріспесінде бұндай баптар жалпы

кездеспейді.  Ал жаңағы төрт ұстанымға келетін болсақ, бұл біріншіден - қоғамдық

келісім және саяси тұрақтылық, екіншіден - экономикалық даму, үшіншіден -

қазақстандық патриотизм, төртіншіден - маңызды мәселелерге референдум жасау

және Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Міне, осы төрт мәселе біздің

республикамыздың негізгі принциптері болып саналады. Осы төрт мәселені Ата

заңымыздың бірінші бабында енгізу арқылы Қазақстанның жан-жақты дамуына жол аша

алдық», - дейді депутат. 

      Кейіннен 1995 жылы 30 тамызда

елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған

сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Олардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның

қабылдануын қолдады. Сонымен биыл 16 жасқа толған Конституция тәуелсіз мемлекет

ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін

қамтып отыр десе де болады. Алайда, заман ағымына қарай Негізгі заңымыздың

өзгеріске ұшырауын да ешкім жоққа шығара алмасы анық. Дегенмен, қазіргі һәм

өмір бойғы басты міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған

Конституцияны қатаң ұстану. Яғни, басты талап - Ата Заңымыз, Конституцияны

құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір

азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс. Ең бастысы, Қазақстан Тәуелсіздігінің

20 жыл бойғы дамуындағы бүгінгі жетістіктерінің баршасы Ата заңымыздың

тиімділігін анық айқындап отыр. Конституция 20 жылдық тәуелсіз дамуға сеп болып

қана қойған жоқ, Құжаттың нормативтік әлеуеттері де халыққа талай қызмет

етіп,  демократиялық, құқықтық мемлекеттіліктің одан әрі беки түсуіндегі

прогресс жолында мығым заңдық негіз болып қала бермек. Осы тұрғыдағы ойымызды

Елбасының сөзімен аяқтасақ: «Конституцияны қатаң ұстану  - бұл

мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі.

Ол бойынша өмір сүру - бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен

барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет - Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау.

Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай

құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның

талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке,

бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды,

яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті

жоқ».

Ауызша журналдың 3-ші беті.

« Ұлы жеңіс 

жасасын»

 Бауыржан

Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым1982)

— Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстыңдаңқты

жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштарполкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі)

және батальонкомандирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі

дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты.  Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан

Момышұлы Москва үшін

шайқаста 207рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың16-18

қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші

мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон

дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск

тасжолындаасқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн

бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті

жағдайда қоршаудан шығады

Балалық шағы

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында

туған.

Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі

Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол

кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және

етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық

шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған

шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден

ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.

1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол

өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір

сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сағындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ

Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі

болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің

кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы

қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады.

Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.

Соғыс алдында

1928-1930 жылдары бастауыш

мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты

хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.

1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына

қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.

Атқару комитетіндегі қызметімен көзге

түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп

банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің

меңгерушісі Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының

жанындағы бір жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО

өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде

тағайындайды.

1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге

взвод командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полкштабы бастығының көмекшісі болады.

1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.

Екінші

дүниежүзілік соғыс жылдары

1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының

нұсқаушысы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап

қатысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия

құрамында майданға аттанады.

1941 жылдың 26 қарашасында маршал

Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.

1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық

дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның

командирі болады.

1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл

Жұлдыз" орденімен марапатталады.

1944 жылы денсаулығына байланысты Алматы

госпиталіне жіберіледі.

1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген

Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу

ұйымдастырады. Осы лекцияның стенограммасы кейінрек "Соғыс

психология" деген атпен кітап болып басылды. Алғашында тек орыс тілінде

жарық көрген бұл еңбек, 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай қазақ

тілінде де жарық көрді. Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және

ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау

қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі

шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Осының

негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы

«Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

Москва үшін шайқас

Москва түбіндегі шайқас Бауыржан

Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің

батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста

Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы

саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық

маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген.   1941 жылдың

16-18 қараша күндері аралығында Вермахтың Мәскеуге екінші дүркін шабуылы

кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта Матронино

селосының маңында Волоколам тас жолыда аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды

басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды. Бұл

ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда

алып шықты.

Алайда аласапыран шақта қысылтаяң

жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп,

жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соғады. Сондай

жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең

енді шегінудің нақты жоспарын жасайды. Батальонның алдында жүретін он бес

адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен

бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарады. Батальон

алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл

Сләмқұлов басқарады. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп

жүруді бұйырады. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы

белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырған жауынгерлер табандылық пен

төзімділік көрсетіп, қалың қарағайлы тоғай ішінің қалың қарын омбылай жүре

отырып, екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан

шығады. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың

1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа

қатыспағандықтан тың тұрады.

Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В. Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте

ұстап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып,

жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді

зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргендеИ.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алады. Иван

Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай

алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қағады. 19 гвардиялық

атқыштар полкінің командирі ретінде 1941 жылдың 26-30 қараша күндері гвардия

капитан Момышұлы Мәскеу облысының Соколово деревнясының маңында неміс әскерінің

шабуылын 4 тәулік бойы қайтарып, сәтті ұрыс жүргізді. 1941 жылдың 5

желтоқсанында омыртқаға оқ тиіп, жарақат алды. Әзілхан Нұршайықовтың

"Ақиқат пен Аңыз" кітабында Бауыржан өзін санбатқа жеткізгенде

дәрігерлер дереу госпитальға апару керек деп шешкендігін, бірақ ол тапаншамен

дәрігерді қорқытып, оқты сол жерде шығаруды бұйырғанын айтады. Оқты алып,

жараны таңғаннан кейін капитан Бауыржан Момышұлы ұрыс алаңына қайта оралады. Кеңес

әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық

дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті.

Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің

мыңдаған солдаты мен офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын

жойып жіберді. 1944 жылы Комдив болып жүрген кезінде

Дубровка деревнясының маңында болған ұрыс кезінде тағы қатты жараланады. Өз айтуынша

құйымшақпен жерден шығып тұрған темірге құлаған екен. Біраз уақыт атқа отыра

алмай және шалқасынан жата алмай жүрді, бірақ госпитальге бармады. Сол уақыттан 1944

жылдың наурызына дейін госпитальде жатады. Сол жылы Бас Штабытың Әскери

Академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп

шығады.  1945 жылдың 21 қаңтарынан бастап

гвардия полковник Бауыржан Момышұлы Екінші Прибалтика майданының, 6 гвардиялық

армиясының, 2 гвардия атқыштар полкінің 9 гвардия атқыштар дивизиясын басқарды.

1945 жылдың ақпан-наурыз айларында Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия Приекуле

станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің үш бекінісін

бұзып өтеді. Дивизия шабуылының нәтижесінде 15 елді мекен босатылды, ал жау әскеріне

үлкен зиян тиген болатын.Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ

берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды»

деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.

Соғыстан кейінгі жылдары

1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы әскери

академияның тыңдаушысы болады.

1948-1950 жылдары 49-атқыштар бригадысы

командирінің орынбасары қызметін атқарады.

1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының

жанындағы Жоғары әскери академияны тәмамдайды.

1953 жылы академик Ван-Чон-Худың басқаруымен

келген Қытай делегациясымен кездеседі.

·        

Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Совет Армиясы әскери академиясында

сабақ береді. 1956 жылы полковник

атағымен отставкаға шыққан cоң, елге оралады. Елде біраз уақыт жұмыс

табылмайды. Өмірбек Жолдасбеков Қазақ Ұлттық Университетінің әскери кафедрасына

жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған көрінеді. Батыр енді

толықтай шығармашылықпен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген

білгендерін шығармаларына арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығының

негізіндегі тамашароманы мен әңгіме, повестері қалың оқушының

іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар

бірнеше қайтара басылып шығарылды. Бауыржан соғыс уақытында

"Серігім", "Жазушыға", "Қалыбек аға",

"Біреулерге", "Омарбекке", "Жардың мұңы",

"Ғ-ға", "Ана тілін ардақта", "Досыма",

"Толғау" атты өлеңдер жазған. 1952-1956 жылы "Офицердің күнделігі",

"Бір түннің тарихы", "Біздің семья" деген алғашқы кітаптары

жарық көрді.

    Біздің халқымыз қазақтың батыр

қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін

мақтанышпен атайды.

Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық

шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау

жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған

бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл

таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою

үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді

жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз

жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия»

қатарына алынды. 1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча

станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан

серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың

Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып

түсті.

1942 жылы Әлия өз

еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа

дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне

рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ

жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін

фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі

оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін

аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының

снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау

әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда

Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

 Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі»,

«аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың

болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран

текті Талғат Бигелдинов еді.

Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал

қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан,

Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305

рет көтерген екен.

 Қабиденұлы Төлеген

Тоқтаров – қатардағы жауынгер. 1942

жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны

жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар

перзенті – Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс

Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.1941 жылдың қараша айында

Оңтүстік-Батыс майданның штабына аттандырылып, басқыншылар қолында қалған

Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде Чапаев

атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады. Бұдан кейін,

1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия

елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты. Соғыс аяқталған жылдардан соң

бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа мекемелерінде

қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін

суреттейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында» (1959), «Жау тылындағы

бала» (1961), «Жау тылында» (1973) секілді көптеген шығармалардың авторы. Соғыс

жылдарында айырықша көзге түскен ақындардың бірі – Нұрсұлтан Жұбатұлы. Ауылда

мұғалім болып істейтін сауатты кісі болған. Оның майдан даласынан оралмай

қалған батырдың бірі Ү.Түктібаевтың анасы Наурызбикеге арнап жазған «Майданнан

хат» және анасының атынан жауынгер ұлына арнап жазған «Майданға хат» атты

толғаулары осы күнге дейін ел есінде. Енді осы толғауларды тыңдап көрейік.

«Майданнан хат» (үзінді):

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай

жақын бола ма?

Көңілінде

тілек, көзде жас,

Екі қолың

жағаңда.

Қасірет

шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың

ба санаға?

Сағынған

соң мен ойлап,

жүрегің

оттай жана ма?

Ет

бауырың елжіреп,

Қайғыра

берме балаңа.

Сабырдың

суын бере көр,

Жаныңдаға

жараңа.

Ажалсыз адам

өлмейді.

Мезгілсіз

шөлмек сына ма?

Ердің

басы ел үшін,

Арыма

жаным садаға.

Бұлт

жамылып қар төсеп,

Мен

жатырмын далада.

 

«Майданға хат» (үзінді):

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім – жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың

автомат.

Суретіңе

қарасам,

Емшегім

иіп, сүт тамад.

Көзімнің

жасы төгіліп,

Ұйқыдан

кетті рахат.

Отаның

үшін қарағым,

Арың

қымбат жаныңнан.

Бөбектерің

аман-сау,

Ас жейді

әзір қолымнан.

Ербеңдеген

ермегім,

Тастамаймын

қолымнан.

Лақ-қозы

қайырсам,

Қалмайды

сүйем соңымнан.

Жағдайсыз

емес келінім,

Оны да

көрем бағымнан.

Қайырмайды

тілімді,

Жібектей

майда жамылған.

Көңілімде

алаң жоқ,

Жаны

сүйген жарынан.

Уһілеп

кейде демалып,

Шығады

түтін жалыннан.

Хабарыңды

жиі жаз.

Өтпесін

көп күн арадан.

Талқандап

жауды аман қайт,

Бұлт

серпіліп көгімде.

Жазылсын

жүрек жарадан!

 

Қорытынды. Рефлексия .

Соңында  Мен  айтамын.........

 

Просмотров: 702


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст